20
октябрь
2023
Тарих пәнінің мұғалімі Тусупаева Самал Балтабекқызының 6 «Б» сыныбында өткізген ашық сабағының барысы
Сабақтың мақсаттары: әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістеріне ықпалын түсіндіру; түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету. Оқушылар мәтінмен танысып, миграция себептерін анықтайды. Оларды географиялық, әлеуметтік, саяси, табиғи, экономикалық, кездейсоқ, т.б. жіктейді. Әр топ өздерінің таңдауларын дәлелдейді. Оқуышылар кестемен жұмыс жасайды.Сабақ соңында мұғалім кері байланыс сұрақтар арқылы жүргізеді.