Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру талаптарының орындалуы зерделенді. » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру талаптарының орындалуы зерделенді.
10
апрель
2026

Білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру талаптарының орындалуы зерделенді.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары -Мәдениет және ақпарат министрі А Балаеваның,2026 жылғы 26 ақпандағы оқу-ағарту министрлігі алқасының  кеңейтілген  отырысында берілген тапсырмасына сәйкес Абай облысы білім басқармасының #1329 хаты негізінде,білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беру талаптарының орындалуын зерделеу мақсатында қалалық білім бөлімінің әдіскері Сулейменова Айтжамал Семейхановна ,
Арнайы мамандар,   " Мектеп жанындағы интернаты бар  №42 ЖОББМ" КММ -нің психологі Асемгуль Оразгалиевна Акпамбаева, " Мектеп жанындағы интернаты бар №42 ЖОББМ" КММ -нің  педагог-дефектологі Жумағайша Бельгибаевна Қайрамбаева, " 17 ЖОББМ" КММ-нің инклюзияны қолдау кабиентінің мұғалімі  Мейрамгуль Болатбекова  Абишева келіп ,№23 білім беру мекемесінде зерделеу жүргізді. Зерделеу барысында "Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі" нысаналы индикаторлары негізінде ЕБҚ бар балалардың ғимарат ішінде қозғалыс жолдары, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлары, ақпараттық  және технологиялық құралдары қарастырылды. Сонымен бірге , психологиялық -педагогикалық қолдау кабинетінің жұмысында түзету-дамыту , әдістемелік материалдарының жүргізілуі қарастырылды. Оқыту бағдарламаларының дұрыс құрылуына, оқу-әдістемелік әдебиеттермен тапсырмаларды нақты саралай білу, арнайы мамандардың жұмыс бағыттары туралы әдістемелік көмек көрсетілді.