«Дәуірдің дара тұлғасы»
Танымдық сабақ «Дәуірдің дара тұлғасы»
Сабақтың мақсаты: Әлем таныған Мұхтардың ұлылығын дәріптеу,
Сабақтың эпиграфы: «ХІХ ғасырдың асқар белі Абай болса, ХХ ғасырдың заңғар биігі Мұхтар Әуезов»
Текті елімнің текті ұрпақтары!!! «Өзі де , өмірі де үлгі, қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Қазақ КСР - ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері , жомарт табиғаттың жарық дүниеге сыйлаған бір туары Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өткізілді.
Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Мұхтар Әуезов әлемі" атты 9 сыныптарға кітапханада көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ұлы жазушының өмірбаянымен таныстырып, шығармаларын дәріптеу.







