08
февраль
2024
«Абай әлемі»
«Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш мектебімізде жоғары деңгейде өтті. Кеш барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған презентациялар ұсынып, өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар, «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалып, Абайдың ән өнеріндегі орны да айқын көрсетілді. Кештің мақсаты – оқушыларға Абай мұрасын насихаттау, рухани тәрбие беру, көркем сөзге қызығушылығын арттыру болды. Оқушылар ақынның нақыл сөздерінен үзінділер келтіріп, мазмұнды ойларымен бөлісті. Іс-шара барысында қатысушылар Абай мұрасының мәні мен маңызын терең түсінді.
![]()
![]()
![]()
![]()