ЖМБ ПӘНДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨТКІЗГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПӘНДІК ОНКҮНДІГІ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖМБ ПӘНДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨТКІЗГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПӘНДІК ОНКҮНДІГІ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ
12
февраль
2025

ЖМБ ПӘНДЕРІ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ӨТКІЗГЕН ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ПӘНДІК ОНКҮНДІГІ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫ

2024-2025 оқу жылында жоспар бойынша математика, физика, информатика пәндерінің онкүндігі өткізілді. Онкүндік аясында пәні мұғалімдері өзара тәжірибе бөлісу мақсатында жоспар бойынша ашық сабақтар өткізді. Сабаққа сынып жетекшілері, пән мұғалімдері қатысты. Әр сабақ қорытындысы бойынша ұстаздардан оң кері байланыс алынды. Сондай ақ әдістемелік бірлестік мүшелерімен сабақтарға талдау жасалынды, сабақ барысында қолданылған   ұтымды әдіс-тәсілдер мен тапсырмаларға тоқталып өтілді, өзара тәжірибелерімен бөлісті. 

Сыныптан тыс іс-шаралар өтіліп, пән мұғалімдері мен машықкерлер жоспар бойынша әр түрлі форматта сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Мақсаты: Оқушылардың математика, физика, информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, сыныптардың арасында достық қарым- қатынас орнату, пән бойынша алған білімдерін өмірде қолдану.

 Шаралар әр түрлі форматта өтті. Барлық сайыстарға оқушылар белсене қатысты. Сайыстардың қорытындысы бойынша 3 орындар беріліп оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. 

Математика, информатик, физика   пәндерінің онкүндігі жоғары дәрежеде өткізілді. Ашық сабақтарға қатысқан әріптестер мен әкімшілік тарапынан оң бағалау берілді.