2025–2026 оқу жылында ағылшын тілі пәні әдістемелік кеңес отырысы
2025–2026 оқу жылының басында ағылшын тілі пәні мұғалімдері әдістемелік кеңес өткізді. Отырыстың мақсаты – жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспарын бекіту, өткен жылғы жетістіктерді талдау және оқыту сапасын арттыру жолдарын қарастыру болды.
Күн тәртібі:
Өткен оқу жылының нәтижелері бойынша есеп – жетістіктер мен мәселелерді талдау.
2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын таныстыру.
Сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен интерактивті технологияларды талқылау.
Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы: жаңа әдістемелік ұсыныстар мен жоспарланған іс-шаралар.
Пән бірлестігінің жетекшісінің қорытындысы және алдағы міндеттерді белгілеу.
Кеңес барысында мұғалімдер сабақ сапасын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер мен жаңашыл әдіс-тәсілдерді талқылады. Отырыстың соңында пән бірлестігінің жетекшісі қатысушыларға шығармашылық табыс пен жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тіледі![]()