Математика пәнінің мұғалімі Виликс Жұпар Амантайқызының 10"А" сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өткізді. » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика пәнінің мұғалімі Виликс Жұпар Амантайқызының 10"А" сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өткізді.
31
январь
2025

Математика пәнінің мұғалімі Виликс Жұпар Амантайқызының 10"А" сыныбында геометрия пәнінен ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ тақырыбы: Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі

Сабақтың  мақсаты: 

ØКеңістіктегі вектор, вектордың ұзындығы, тең векторларын біледі;

ØКеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесін жазықтықта кескіндей алады және оны сипаттайды; 

  • Есептер шығаруда Жеке және командамен жұмыс істей білу, жұппен тапсырмаларды орындау кезінде  бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас орната білу; сабақтың мақсатын ашу барысында жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, жаңаны білуге, тануға құштар болу құндылықтарын дарыту.

Сабақты мен жұптық жұмыс және жеке жұмыс түрінде жоспарладым. Сабақ басында өткенге шолу жасап, «Өзінді тексер» әдісі   арқылы  үй жұмысын оқушылар өздері интерактивті тақтадан дұрыс жауапқа қарап   тексерді. Оқу мақсатымен таныстыра отырып, Кеңістіктегі координаталар жүйесін енгізген ғалым Рене Декарт туралы тарихи мағлұматты ЖИ-те жасалған видео арқылы көрсетті. Тақтаға тақырып түсіндіріп, формула бойынша мысал келтірді. Сабақ ортасында тақырып бойынша есептер шығартты. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұптық тапсырмаларын ұсынды. Бұл тапсырма бойынша координаталық жүйедегі нүктелердің координаталарын табуды орындады. Карточкалық тапсырма таратып, оқушылар жеке жұмыс орындады.   Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы жұмыссыз қалмайтындай етіп құрастырылды. Сабақ соңында қорытындылау сұрақтары қойылып, оқушылармен кері байланыс "Киіз үй" әдісі арқылы жүзеге асты.   Оқушыларды бағалау үшін әрбір оқушыға   алдын ала "Шаңырақ-Уық" бағалау парағы берілді, әр оқушы өзін дескриптор арқылы  бағалап шықты. Сабақ барысында оқушылар өздерін еркін сезініп, сабақта белсенді болды, оқушылардың берген кері байланысы бойынша сабақ жақсы өтті.