02
апрель
2024
Шет тілі пәнінің онкүндік пән апталығында «British Sightseeing» атты суреттер көрмесі
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің«№23 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Апталық аясында оқушылар «British Sightseeing» тақырыбында макеттер және «I Love English» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастырды.
Көрме барысында оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын және ағылшын тіліне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Әр сыныптың жұмысы ерекше идеялармен безендіріліп, көрермендердің қызығушылығын тудырды.
Көрменің қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды