03
апрель
2024
Сыныптан тыс іс-шара “I Know everything”
6 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Омаралинова М.Б ұйымдастырған “I Know everything” атты интеллектуалдық ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Ойын барысында қатысушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіп, қызықты тапсырмаларды орындады.
Шара көңілді де тартымды өтті, оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салды.