2021-2022 оқу жылында бастауыш сыныптар арасында өткен пәндік онкүндіктің есебі
Бастауыш сыныптар арасында «Білім-ақыл көркі»атты тақырыпта онкүндік апталық өтті.1сыныптар бойынша «Сиқырлы сандар»атты математика пәнінен ,2сыныптар бойынша «Ұшқыр ой мен шешен тіл»атты қазақ тілі, «Даналық сөзден үйрен» әдебиеттік оқу, «Әлемде талай қызық бар» атты жаратылыстану пәндері бойынша әртүрлі бағыттарда шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Мерекелік шараның ашылу салтанаты ұстаздардың,оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылды. Әр сыныптардың оқушылары белсенділік көрсетіп ,білімдерін шыңдап сайысқа түсті.Пәндер бойынша қабырға газеттері,қызықты сөзжұмбақтар,ребустар жасалып,суреттер салынып қабырғаларға ілінді. Ұйымдастырылған шараларда оқушылардың өздерінің білімге деген қызығушылықтарының жоғары екенін,ойларының ұшқырлығын,тілдерінің жақсы дамығанын байқатты. Мектеп жанынан ашылған «Жас ақындар» үйірмесіне қатысып жүрген оқушылардың қатысуымен ,оқушылардың жүрек жарды өздері шығарып жазған туындыларымен танысып,үйірме жетекшісі Гүлім Бекжанқызы ұйымдастыруымен,кеш өтті. Шарларға белсене қатысқан оқушылардың барлығы марапаттау қағазымен марапатталды. 

