2025–2026 оқу жылында «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» төсбелгісіне үміткер оқушылардың бас құжаттарын тексеру туралы АҚПАРАТ » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025–2026 оқу жылында «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» төсбелгісіне үміткер оқушылардың бас құжаттарын тексеру туралы АҚПАРАТ
14
октябрь
2025

2025–2026 оқу жылында «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» төсбелгісіне үміткер оқушылардың бас құжаттарын тексеру туралы АҚПАРАТ

2025–2026 оқу жылында «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» төсбелгісіне үміткер оқушылардың бас құжаттарын тексеру туралы
АҚПАРАТ
2025 жылғы 9 қазанда мектеп педагогикалық кеңесінің мәжілісінде 2025-2026 оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» төсбелгісіне үміткерліктері қарастырылды.
Түлектердің оқу жетістіктері мен негізгі құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына сәйкес зерделенді.
Қаралған мәселелер бойынша:
  1. Кенжеев Ануарбек, 11 «А» сынып оқушысы
     – 5–9 сынып табельдерінде және 10-сыныптағы Қазақстан тарихы мен информатика пәндерінен «4» бағалары анықталды.
     – «Алтын белгі» талаптарына сәйкес келмейді.
     – «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде ұсынылды.
  2. Берікұлы Сұлтан, 11 «А» сынып оқушысы
     – 10–11 сыныптардағы барлық пәндерден бағалары – «5».
     – Оқу үлгерімі, тәртібі мен қоғамдық белсенділігі жоғары.
     – «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде ұсынылды.
  3. Айтқалиева Бинур Фархатқызы, 11 «Ә» сынып оқушысы
     – 5–11 сыныптар аралығындағы барлық бағалары – «5».
     – Мемлекеттік аттестаттау мен қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігі жоғары.
     – «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер ретінде ұсынылды.
  4. Есімхан Тоғжан Төкенқызы, 11 «Ә» сынып оқушысы
     – Барлық оқу жылдарындағы бағалары – «5».
     – Үлгерімі мен тәртібі үздік, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан.
     – «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер ретінде ұсынылды.
  5. Саматқызы Сабина – «Үздік аттестатқа» үміткер ретінде ұсынылды.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Оқушының аты-жөніҮміткерлік мәртебесі
Кенжеев Ануарбек«Үздік аттестат» үміткері
Берікұлы Сұлтан«Үздік аттестат» үміткері
Айтқалиева Бинур Фархатқызы«Алтын белгі» үміткері
Есімхан Тоғжан Төкенқызы«Алтын белгі» үміткері
Барлық үміткерлер қорытынды аттестаттау нәтижелері расталған жағдайда марапаттарға ұсынылатын болады.
Дайындаған:
 Оқу ісі жөніндегі орынбасар                                         Н.М. Жолбарысов

 Күні: 09.10.2025 ж.