Жолбарысов Нұрлан Мұстафаұлы » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2025

Жолбарысов Нұрлан Мұстафаұлы

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Міндеттер аясына негізінен оқу-тәрбие үрдісін (бұдан әрі - ОТҮ) ұйымдастыру, 1-11 сыныптарда қазақ тілін оқып-үйренуге мониторингті жүзеге асыруды қамтиды:

Міндеттер аясына негізінен ОТҮ ұйымдастыру, 1-11 сыныптарда ағылшын тілін оқып-үйренуге мониторингті жүзеге асыруды қамтиды:

  • гуманитарлық пән мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін (бұдан әрі - ОПТ) зерделеп, таратады;
  • мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды (жылына кем дегенде 270 сабақ);
  • мұғалімдерге педагогикалық жоспарлау мен құжаттаманы жүргізу жөнінде нұсқаулар береді;
  • мұғалімдерге күнтізбелік – тақырыптық кестелер мен жоспарлар әзірлеуде көмек береді;
  • 5-11 сыныптардағы қызметтер мен жұмыстарды жоспарлайды;
  • гуманитарлық пән бойынша сынақ-байқау өткізуге кабинет даярлау жұмысын ұйымдастырады;
  • гуманитарлық пәндерден сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырады,  жүргізілетін сынақтарды, байқауларды, мерекелерді ұйымдастырумен айналысады;
  • директордың ТЖ жөніндегі орынбасарымен бірлесіп 5-11 сынып оқушылары үшін саптық жиындар өткізеді;
  • педагогикалық кеңес пен мектеп басшылығы шешімдерінің орындалуын бақылайды;
  • 5-11 сыныптардағы білім беру бағдарламаларының орындалуын бақылап отырады;
  • қорытынды аттестаттауға, ОЖСБ-ға даярлық және өткізуге байланысты барлық мәселелермен айналысады,жоғарғы оқу орындарына байланысты жүзеге асырады;
  • ҰБДДҚ(НОБД), БСБОЖ, БжС құжаттамасына жауапты болады;
  • мектептің статистикалық есептерін жүргізеді;
  • кадрлар қызметінің және оқушылардың іс қағаздарымен жұмыс жүргізеді;
  • мектептегі сабақ кестесіне жауапты;
  • мектеп кабинеттерінің жай – күйі.
  • 5-10 сыныптардағы сабақтастық жұмысын ұйымдастырады;
  • 5-11 сыныптарда ОТҮ-нің ұйымдастырылуына, мектеп құжаттамасының, 

журналдардың сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен жүргізілуіне басшылық етеді;

  • оқушылардың үлгерімі, оқу сапасы мен тәртібі жайында ақпараттар жинап, оларды талдап, ұсынымдар ойластырумен айналысады;
  • педагогикалық кеңес шешімдерінің, мектеп бойынша бұйрықтардың орындалуын бақылайды;
  • 5-11 сыныптардағы оқу бағдарламаларының орындалуын бақылайды;
  • оқу сабақтарына қатысуларды бақылап, тиісті құжаттамаларды жүргізіп отырады;
  • оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік   қызметін ұйымдастырады және құжаттарға жауап береді;
  • инклюзивті сыныптың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырады, бақылайды;
  • Қашықтықтан оқыту кезінде оқушының компьютерен жабдықталуын қамтамаыз етілуін қадағалайды;
  • bilimclass.kz электрондық журналына жауапты болады;
  • bilimland, darynonline интернет платформалары бойынша жүргізілген жұмыстарды қадағалайды;
  • өз лауазымдық міндеттемелеріне сәйкес мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдер жобаларын дайындайды;