Калибекова Айзада Сагимбековна.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калибекова Айзада Сагимбековна.
Калибекова Айзада Сагимбековна 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Мамандығы биология, биология пәні мұғалімі. Еңбек өтілі 25 жыл. Санаты: педагог-зерттеуші, 2- біліктілік санатты басшының орынбасары.
2020 жыл Қалалық кәсіподақ комитетінен құрмет грамотасы;
2022 жыл «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттылық орталығынан алғыс хат;
2022 жыл қалалық «Педагогикалық идеялар фестивалінен» ІІІ орын грамотасы;
2023 жыл Облыстық инновациялық –әдістемелік орталықтан алғыс хат;
2023 жыл, Қалалық кәсіподақ комитетінен құрмет грамотасы;
2024 жыл, Семей қалалық мәслихатынан грамота;
2025 жыл Семей қалалық білім бөлімінен грамота;
2023 жыл Биология және химия пән мұғалімдерінің олимпиадасында ІІ орын грамотасы;
Лауазымдық міндеттері:
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады.
Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің (бұдан әрі–ҰКТ), сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтар мен қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша қажетті құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Өткізілетін тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады.
Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамының өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
Білім алушылардың, педагогтардың конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді.
Кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді, есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Мектеп ұжымының қатысуымен білім беруге бағалы әдіс енгізеді.
Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумды ұйымдастырады және өткізеді.
"Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымы жұмысын ұйымдастырады. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын ұйымдастырып, бақылайды.
Оқушылардың мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастырады, тамақтануды бақылайды.
Үйірме жұмыстарын ұйымдастырып, бақылайды.
Білім беру ұйымы түлектері қауымдастығы қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді.
Педагогикалық еңбек ардагерімен ынтымақтастықта болады. Мектеп мұражайының жұмысын ұйымдастырады.
Дебаттық қозғалысты дамытады. Туристік сапарлар мен саяхаттарды ұйымдастырады.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалы отбасылардың қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.