28
декабрь
2020
Қысқы ертегілер
«Қысқы ертегі» қалалық байқауы
Қалалық білім бөлімімен «Қысқы ертегі» атты қалалық қашықтық байқау-сайысы ұйымдастырылып, мектебіміз бұл сайысқа белсене қатысты. Байқауға қатыспас бұрын мектеп әкімшілігі қыста мектеп ауласын безендіру мақсатында мектепішілік мүсін жасаудан байқау ұйымдастырды. Мектепішілік байқауға 25 сынып қатысып, түрлі тастанды материалдардан 27 мүсін жасады. Көздің жауын алатын әдемі мүсіндер мектеп ауласын нағыз «Қысқы ертегіге» айналдырды. Сонымен қатар дене шынықтыру мұғалімдері мұз айдынын, қар төбешігін құрып, оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізуге қолайлы жасады. Мектеп әкімшілігі жаңа жыл мерекесі қарсаңында ата-аналарды құттықтап, байқауға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапаттады.![]()
![]()
![]()
![]()
![]()