2024-2025 оқу жылындағы математика пәні бойынша оқушылардың жетістіктері
Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығы ұйымдастырған 10–11 сыныптарға арналған «Алтын түлек» республикалық математикалық олимпиадасында мектебіміздің 11 «Б» сынып оқушысы Рахатұлы Алинұр — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢНІҢ І ОРЫН ИЕГЕРІ атанды!
Сонымен бірге Алинұрға Шәкәрім университетінің «Шәкәрім білім гранты» сертификаты табысталды.
Қыдырбеков Нұрмұхаммет республикалық кезеңде ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Өңірлік кезең қорытындысы: Алинұр — ІІ дәрежелі диплом, Нұрмұхаммет — ІІ дәрежелі диплом.
Жетекшісі: Алакбаева Анар Болатовна — табанды еңбегіңіз бен жүйелі дайындығыңыз үшін алғыс айтамыз!
Мектеп директоры оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтап, білімге деген талпынысы мен еңбегін жоғары бағалады. Жеңістеріңіз көбейе берсін!![]()
![]()
![]()
![]()