18
апрель
2025
Ашық есік күні
«Қазақстан Теміржолы» өкілдерімен кездесу өтті
2024–2025 оқу жылы аясында №23 жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларымен «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға теміржол саласындағы мамандықтармен таныстыру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар туралы мағлұмат беру және кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру болды.
Компания өкілдері теміржолшы мамандығының ерекшелігі, оқу орындары мен еңбек мүмкіндіктері жайында кеңінен айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер түлектердің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеді және еңбекке деген қызығушылығын арттырады.