30
апрель
2025
Қала педагог - психологтарына арналған семинар - практикум
2025 жылдың сәуір айының 30-ында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№23ЖОББМ» КММ-де мектеп оқушыларының қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау» тақырыбында қала педагог - психологтарына арналған семинар - практикум болып өтті.Семинар – практикумды №23 мектептің педагог – психологтары М.С. Рахимжанова, Г.Е. Адильханова, №26 педагог – психологы Г.С.Арпабаева, №22 мектеп – лицейінің педагог - психологы Г.А.Ратаева, №21 мектеп педагог – психологы Е.Ж. Тумарбек ұйымдастырды. Семинар барысында «Қорытынды аттестаттау және Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау», «Мен ҰБТ- алдындағы қорқынышты қалай жеңемін?» тақырыптарда ақпарат беріліп, кеңестер ұсынылды. Оқушылардың сенімділіктерін арттыруға және таным үрдістерін дамытуға арналған заманауи психологиялық жаттығулар жүргізілді. Семей қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Т. Разакова семинар – практикумның өтілу барысын қорытындылап, жоғары деңгейде болғанын атап өтті.