29
ноябрь
2024
"Білім шыңындағы жастар"дебат клубы
WSDF форматы бойынша мектепішілік пікірсайыс ойындары өтті
№23 жалпы орта білім беретін мектепте WSDF (World Schools Debate Format) форматы бойынша мектепішілік пікірсайыс ойындары өтті.
Пікірсайысқа 9–11 сынып оқушылары қатысып, өз ойларын дәлелмен жеткізу, сыни тұрғыдан ойлау және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар өзекті әлеуметтік және қоғамдық тақырыптарды талқылап, спикерлік мәдениет пен сөз саптау шеберліктерін шыңдады.
Нәтижесінде:
🥇 1-орынды иеленген команда қалалық пікірсайыс турниріне жолдама алды.