2021-2022 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақтарының сараптамасы » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақтарының сараптамасы
29
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақтарының сараптамасы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
«№23 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2021-2022 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақтарының сараптамасы

«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта,жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 202 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығына , 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, 15-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2021-2022 оқу жылының 11.10-22.10 аралығында аттестаттаудан өтетін педагогтардың ашық сабақтары ұйымдастырылды.
«Педагог-модератор» біліктілік санатына өтетін барлығы 9 педагог:
1. Бекишев Е.Т.
2. Капезова Г.Е
3. Смагулова Г.А.
4. Жакупова А.М.
5. Алакбаева А.Б.
6. Жумагалиева Т.С.
7. Бельгибаева Ж.А
8. Әлімбеков Т.К
9. Жумекенова Г.К. ( жоспарлы 3 сабақтан)
«Педагог-сарапшы» біліктілік санатына барлығы 6 педагог:
1.Бапинова С.С.
2. Темергалиева К.К.
3. Сабденова Ш.Т
4. Суйеукенова Ш.Ш.
5. Майжанова К.К.
6. Рахимжанова М.С. (жоспарлы 2-сабақтан)
«Педагог-зерттеуші» біліктілік санатына барлығы 2 педагог:
1. Жолбарысов Н.М.
2. Ибраева К.С. (жоспарлы 2 сабақтан )
Нақтыланған санаттарға сай барлығы 36 сабақ жоспарланып, педагогтар ашық сабақтарын көрсетті. Жоспар құрылып, жоспарға сай әр санат деңгейлерін өз талабына сай бақыланды. Әр өткізілген сабақтан кейін талдау жұмысы өткізілді.
Қорытынды: Барлық жүзеге асырылған сабақтардың құрылымы талапқа сай. Сабақ тақырыбына сай оқу мақсаттары сабақ кезеңдерінде жүзеге асырылды.Барлық педагогтар АКТ ресурстарын тиімді пайдаланды. Десек те, жекелеген педагогтардың алғашқы көрсеткен сабақтарында төмендегідей қателіктер кетіп жатты:
-оқу мақсатына сай күтілетін нәтижеге бағытталмаған кезеңдер болды;
-бағыттаушы тарапынан барлық білім алушылардың сабақтың әр кезеңдерінде белсенді оқуға тартылмауы ( жекелеген оқушылардың мүлдем сабаққа қатыспауы мұғалім тарапынан ескерілмеді);
- бағалау элементтерінің қамтылмауы;
- уақыттың тиімділігін ескермеу;
-жоспарланған сабақ құрылымдағы сәйкессіздік (жоспарланған әдіс –тәсілдердің көптігі, жүзеге асырылмауы, тіпті не жазылғандығы туралы педагогтың өз тарапынан білмеуі)
-деңгейлік тапсырмаларды беру кезіндегі дұрыс сараланбау;
-жекелеген педагогтардың ақпараттық техника құралдарын өзіндік реттелу арқылы басқара алмауы (күнделкті сабақта сабақтарыңызда қосымша педагог көмек жасай алмайды ғой) ;
-жекелеген педагогтардың өзіндік талдау жасай алмауы;
-формативті бағалаудың ашық , обьективті болмауы.
Көрселген кемшіліктер өз уақытында талданып, келесі бақыланған сабақтарды реттеліп жатты. Барлық педагогтарға кері байланыс жасалынып, ұсыныстар айталды.

Жеті модульды сақтау. ( жаңа тәсілдер, оқыту мен оқудыға бағалау, дарынды балалармен жұмыс , көшбасшылық, АКТ пайдалану, сын тұрғысынан ойланта білу, жас ерекшеліктерін ескеру)


Дирекордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жакупжанова А.С.