Тарих, құқық, география әдістемелік бірлестігінің пәндік және әдістемелік онкүндігі 16.10.2023 – 20.10.2023 аралығында өтті.
Онкүндік барысында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға жас мамандар, басқа пән мұғалімдері, мектеп әкімшілігі шақырылды. Өткізілген сабақтар бойынша талдау жасалып, қорытынды шығарылды. Бекітілген жоспарға сай ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар уақытылы өткізілді. Барлық сабақтарда жаңа технологиялар мен АКТ тиімді пайдаланылды. Оқушылар өздері үшін көптеген жаңалықтар ашып, жаңа қырларынан көріне білді.
Тарих, құқық, география бірлестігінің пәндік және әдістемелік онкүндігі 16.10.2023 Онкүндіктің ашылуында болып өтті. Онкүндіктің ашылуы барысында оқушылар «Тұлғаны танисың ба?», «Географиядан қызықты сұрақтар», «Әлем елдерінің тулары» сияқты түрлі викториналар мен сұрақ-жауап тапсырмаларын орындады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтар таратылды. Сонымен қатар, онкүндіктің ашылуына орай, бірлестік мұғалімдерінің суреттері бейнеленген арнайы баннер әзірленді.