"Тілдер шеруі" айлығының қорытындысы
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
«№23 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ
“Тілдер шеруі “ айлығының қорытындысы бойынша есеп
Мерзімі: 05.09.2025 – 05.10.2025
Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі, мектеп әкімшілігі
Қазақстан халқы тілдері күні – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай аталып өтеді. Осыған байланысты «Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы» атты айлықтың салтанатты ашылуы өтті.
5 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Тілдер айлығының аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік бағдарламалар өткізілді.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру.
Өткізілген іс-шаралар:
1.«Тіл – әр ұлттың асыл қазынасы» (05.09. 2025)
Айлықтың салтанатты ашылуы өтті. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегі туралы көрме және бейнероликпен танысты.
- «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.
- «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында эссе, шығарма байқауы өтті.
- «Ұлттың рухы – тіл» атты сынып сағаттары барлық сыныптарда өткізілді.
- Мектепішілік «Мақал – сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысы өтті.
- Жас тіл жанашырларының қатысуымен «Полиглот» байқауы ұйымдастырылды.
- Апталық бойы қабырға газеттері, тіл туралы көркем жазу, сурет байқаулары өтті.
Қорытынды:
Іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатысып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Айлық аясындағы жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, тілге деген құрмет сезімін нығайтты.
![]()
![]()
![]()


![]()
![]()