Математика пәнінің мұғалімі Бақтиярова Аяулым Еркенқызы 6 «А» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика пәнінің мұғалімі Бақтиярова Аяулым Еркенқызы 6 «А» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
03
февраль
2025

Математика пәнінің мұғалімі Бақтиярова Аяулым Еркенқызы 6 «А» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақтың тақырыбы:Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сабақтың мақсаты: санды теңсіздіктер анықтамасын біледі; тура санды теңсіздіктер анықтамасын біледі; санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі; тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады; жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Сабақ басында оқушылар «Достық  алақаны» әдісі бойынша сенімділік пен позитивті атмосфера қалыптастырды. Үй тапсырмасы «Шындық жалған» әдісі бойынша тексерілді.

Жаңа тақырып пезентация арқылы түсіндіріліп, анықтамалар мен есептер көрсетілді. Сабақтың ортасында «Аквариум» әідісі бойынша әр оқушы тапсырма таңдап алып орындады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға «Асық әдісі» арқылы ұпайлар беріліп отырды. Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар «educaplay» қосымшасынан тапсырмалар орындады. Сабақтың соңында оқушылар жинаған ұпайлары бойынша бағаланды. «Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылар кері байланыс берді. Сабақ барысында оқушылар өздерін еркін сезініп, сабақта белсенді болды, оқушылардың берген кері байланысы бойынша сабақ жақсы өтті.