22
ноябрь
2024
Тарих пәнінің мұғалімі Жакашев Досхан Қайырбекұлының 7 «Ә» сыныбында өткізген ашық сабағының барысы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау,ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру. Flippity.net платформасы арқылы үй жұмысын мұғалім тексерді. Тірек сөздермен жаңа тақырыпты таныстырды.Тақырыпқа қатысты видео көрсетілді. Жасанды интеллекттің көмегімен жасалған Сырым Датұлының бейнесі көтеріліс себептерін баяндады. Сабақты бекіту Wordwall.net платформасы арқылы жасалды.