Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» апталығы бойынша есебі
2022-2023 оқу жылының 13 ақпаны мен 17-сі аралығында «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» апталығы жоспарланып, жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Оқушылардың оқуын жақсартып, оқуға қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – білім алушыдардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттырып қоймай, оқу үлгерімдері мен білім сапасын жақсарту және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай функционалды сауаттылыққа үйрету. 14.02.2023 күні биология пәні мұғалімдері Калибекова Айзада Сагимбековна 7 «Ә» сыныбында «Үлкен ми сыңарларының құрылысы», 15.02.2023 Елеусизова Шолпан Турсумбековна 8 «Ә» сыныбында «Гиподинамия. Сымбаттың бұзылуы және жалпақ табандылықтың пайда болу себептері», Қапезова Гулнара Ерланқызы 8 «Б» сыныбында «Көру мүшесінің құрылысы және 16.02.2023 күні химия пәні мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна 10 «А» сыныбында «Табиғи карбонаттар» атты ашық сабатар өткізді. Ашық сабақтарда пән мұғалімдері заманауй әдіс-тісілдер мен стратегияларды қолданып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 17.02.2023 күні «Қызықты экспериметтер алаңы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, химия және биология пәндеріне қызығушылығы жоғары 7-11 сынып оқушылары белсене қатыстысты. Әр сыныптан бір-екі оқушыдан шығып қызықты химиялық тәжірибелерді жасап көрсетіп қоймай, оны теориялық тұрғыдан түсіндіре білді. «Қызықты экспериметтер алаңы» атты сыныптан тыс іс-шараның өткізілуіне мұрындық болған 11 «А» сыныбы оқушылары жүргізуші ғана емес, белсенді қатысушы да бола бідді. Апталықты қорытындылап, іс-шаралардың өткізілуіне белсене қатысқан, жеңімпаздарды ӘБ жетекшісі, химия пәні мұғалімі К.К. Темергалиева мақтау қағаздарымен марапаттады. Барлық жүлделі орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары мектептің лездемесінде табыс етілді.
Химия және биология ӘБ жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна