Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің «№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» ЕСЕБІ
Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы білім бөлімінің
«№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
«Химия және биология әдістемелік бірлестігінің»
ЕСЕБІ
2024-2025 оқу жылының 03.02 – 14.02 ақпаны аралығында «Химия және биология» ӘБ онкүндігі жоспарланып, жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Бұл оқу жылы да, мектебімізде практикадан өтуге «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Химия және экология» кафедрасының, 6B05301 – Химия мамандығының, Х5-101 топ студенттері (7 студент) келіп апталықтың жаңаша және қызықты өтуіне себепкер болды. Оқушылардың оқуын жақсартып, оқуға қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – білім алушыдардың химия және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттырып қоймай, оқу үлгерімдері мен білім сапасын жақсарту және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай функционалды сауаттылыққа үйрету болып табылады. 03.02.2025 күні апталықтың ашылуын қызықты етіп өткізу үшін практикантымыз баннерге химиялық формулалардан гирляндалар жасап, шарлармен безендіріп, сабақ арасындағы ұзақ үзілістерде қызықты тәжірибелерді демонстрациялады. Апталықтың мақсаты мен міндеттері жазылған баннер шығарылып, фото зона ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуынан кейін «Химия және биология кабинеттерінің мүмкіндіктері» атты көрме ұымдастырылды. Көрмеге химия және биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар қойылды.
03.02.2025 күні химия пәнінің мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна 10 «A» сыныбында КТЖ-ға сәйкес «§54 Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары» атты ашық сабақ өткізді. 04.02.2025 биология пәні мұғалімдері Калибекова Айзада Сагимбековна 6 «A» сыныбында «Тыныс алу кезіндегі ауа құрамының өзгеруі» атты ашық сабақ, 05.02.2024 күні биология пәні мұғалімі Қапезова Гулнара Ерланқызы 8 «Ә» сыныбында «Бұлшық ет ұлпаларының құрылысы мен қызметі» атты ашық сабақ, 07.02.2025 күні биология пәні мұғалімі Елеусизова Шолпан Турсумбековна 10 «Ә» сыныбында «Хуго Де Фриздің мутация туралы теориясы» атты ашық сабақ сабақтар өткізді. Ашық сабақтарда пән мұғалімдері заманауй әдіс-тісілдер мен стратегияларды қолданып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
03.02.2025-17.02.2025 күндері аралығында практиканттарымыз 7-11 сыныптар арасында «Көңілді үзілістер», «Жаратылыстану пәндері бойынша квест ойындары» атты сыныптан тыс іс-шаралар өткізіліп, химия және биология пәндеріне қызығушылығы жоғары барлық 7-11 сынып оқушылары белсене қатыстысты. Онкүндік соңына қарай ең белсенді сыныптар мен оқушылар анықталып, марапатталды.
Химия және биология ӘБ жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі
Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна