Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» ЕСЕБІ » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» ЕСЕБІ
02
февраль
2024

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің «№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» ЕСЕБІ

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің 

«№23 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» 

ЕСЕБІ

2023-2024 оқу жылының 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында «Химия және биология әдістемелік бірлестігінің» апталығы жоспарланып,  жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Бұл оқу жылының ерекшклігі, мектебімізде практикадан өтуге Шәкәрім университетінің, химия кафедрасының ХМ-001 топ студенттері (6 студент) келіп апталықтың жаңаша және қызықты өтуіне себепкер болды.  Оқушылардың оқуын жақсартып, оқуға қызығушылығын арттыруда пән апталықтарының орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – білім алушыдардың  химия және биология пәндеріне деген қызығушылығын арттырып қоймай, оқу үлгерімдері мен білім сапасын жақсарту және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай функционалды сауаттылыққа үйрету болып табылады. 29.01.2024 күні апталықтың ашылуын қызықты етіп өткізу үшін практикантымыз Утепова Аяулым ақ аюдың костюмін киіп балаларға жақсы көңіл күй сыйласа, пән мұғалімдерді сабаққа келіп жатқан оқушыларға білім қоржынынан сұрақтар алып, дұрыс жауап берген оқушыларға тәттілер таратты. Апталықтың мақсаты мен міндеттері жазылған баннер шығарылып, фото зона ұйымдастырылды. Апталықтың ашылуынан кейін «Химия және биология кабинеттерінің мүмкіндіктері» атты көрме ұымдастырылды. Көрмеге химия және биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар қойылды. 29.01.2024 күні химия пәнінің мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна 9 «Б» сыныбында №5-Практикалық жұмыс «Сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісі  және оның тұздарының  химиялық қасиеттерін зерттеу» атты ашық сабақ өткізді. 30.01.2024 күні биология пәні мұғалімі Қапезова Гулнара Ерланқызы 7 «Ә» сыныбында «Жануарлардың қозғалыс мүшелері» атты ашық сабақ, 30.01.2024 күні биология пәні мұғалімі Елеусизова Шолпан Турсумбековна 10 «Б» сыныбында «Модификациялық өзгергіштік» атты ашық сабақ  және  31.01.2024 күні биология пәні мұғалімдері Калибекова Айзада Сагимбековна 8 «Ә» сыныбында «Сүйектің байланыс түрлері» атты ашық сабақтар өткізді.  Ашық сабақтарда пән мұғалімдері заманауй әдіс-тісілдер мен стратегияларды қолданып, өз тәжірибелерімен бөлісті.  30.01.2024-01.02.2024 күні практиканттарымыз 8-11 сыныптар арасында «Химия және биология пәндері бойынша турнир»   атты сыныптан тыс іс-шара өткізіліп, химия және биология пәндеріне қызығушылығы жоғары 8-11 сынып оқушылары белсене қатыстысты. 8 сыныптар арасындағы сайыста І орынды 8 «А» сыныбы, ІІ орынды 8 «Б» сыныбы, ІІІ орынды 8 «Ә» сыныбы иеденді. 10-11 сыныптар арасында өткен сайыста І орынды 11 «Ә» сынып оқушысы Рахманбердин Ернұр иеленсе, ІІ орынды 10 «Б» сынып оқушысы Рахатұлы Алинұр, ІІІ орынды 10 «А» сынып оқушысы Тоқтарбеков Эльдар иеленді.  Әр сыныптан үш-төрт оқушыдан шығып командалар құрылып, ойық қызықты тартыстарға толы болоды. «Химия және биология пәндері бойынша турнир»   атты сыныптан тыс іс-шараның өткізілуіне мұрындық болған практиканттарымыз жақсы ұйымдастырушы да, жүргізуші де бола білді. Сонымен қатар апталық аясында 1-11 сынып оқушылыры қамтылған «Қоқысқа екінші өмір сыйлайық» атты көрме ұйымдастырылды. Балалар көрмеге әртүрлі материалдардан өз қолдарымен жасаған макеттер мен бұйымдар әкеліп қойды. Апталықтың соңғы күні 02.02.2024 Семей қаласының Семей қаласының ББ бойынша Облыстық балалар биологиялық орталығының «Жануарлар көрмесі» шақырылып оқушылар көрмеге қуана-қуана қатысты. Көрмеге кіру ақылы болды, бағасы 250 теңге болды. Апталықты қорытындылап,   іс-шаралардың  өткізілуіне белсене қатысқан, жеңімпаздарды анықталып мақтау қағаздарымен марапаттады. Барлық жүлделі орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары мектептің лездемесінде табыс етілді.



Химия және биология ӘБ жетекшісі, химия пәнінің мұғалімі Темергалиева Кумысжан Кыдыргалиевна