2024-2025 оқу жылында ағылшын тілі пәні онкүндігі өткізілді » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2024-2025 оқу жылында ағылшын тілі пәні онкүндігі өткізілді
12
декабрь
2024

2024-2025 оқу жылында ағылшын тілі пәні онкүндігі өткізілді

2024-2025 оқу жылында ағылшын тілі пәні онкүндігі өткізілді. Онкүндік барысында мұғалімдер сыныптарда ашық сабақтар ұйымдастырып, оқушылардың сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау құзіреттерін дамытуға көңіл бөлді. Сабақтарда оқушылардың алдыңғы білімдері ескеріліп, жас ерекшеліктеріне сай қызықты тапсырмалар қолданылды. Сонымен қатар, түрлі платформаларды пайдаланыла отырып, оқушылардың  ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы артты. Ашық сабақтарға сынып жетекшілері, ағылшын тілі мұғалімдері және әкімшілік қатысты, сабақтардан оң кері байланыс алынды.
Онкүндік аясында пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру, сыныптар арасында достық қарым-қатынас орнату және білімді өмірде қолдануға үйрету. Іс-шаралар командалық ойындар мен интеллектуалдық жарыстар түрінде өтті, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.
Ағылшын тілі пәні онкүндігі жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ашық сабақтар мен іс-шаралар оң бағаланды, оқушылар жоғары белсенділік көрсетті