Математика пәнінің мұғалімі Маукенова Айдана 5"А " сыныбында
Ашық сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу.Мақсаты: 5.1.2.29 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 сандарына көбейту ережелерін қолдану; 5.1.2.31 ондық бөлшектерді 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 сандарына бөлу ережелерін қолдану; Сабақ басында оқушылар адасқан сандардан есеп құрап сабақ мақсатын айқындады. АКТ технологиялары арқылы 3 топқа бөлінді. "Бургер" әдісі арқылы жеке жұмыс орындалып, бағаланды.