№23 ЖОББМ КММ бойынша 2022-2023 оқу жылында 1-11 сыныптар арасында''Дене шынықтыру және АӘТД'' әдістемелік бірлестігінің мектепшілік онкүндік іс-шарасының жазбаша есебі
№23 ЖОББМ КММ бойынша 2022-2023 оқу жылында
1-11 сыныптар арасында''Дене шынықтыру және АӘТД''
әдістемелік бірлестігінің мектепшілік онкүндік іс-шарасының
жазбаша есебі
1).20.04.2023ж Он күндік апталықтың бірінші күнін 5-6 сыныптары бастады, жеті яғни (5а,5ә,5б,5г,6а,6ә,6б) сыныптары өзара сайысқа түсті.
«Қызықты эстафеталық ойындар» сайыс төрт түрлі кезеңнен тұрды:
1. Топ басшысы сайысы (жылдамдыққа үштікке барып қайту)
2. Себетке допты салу (баскетбол) топтық ұпай санымен анықталады.
3. Допты тасымалдау.(топтың барлық ойыншысы жылдамдыққа жүгіу)
4. Шаңғы сайысы (шаңғы тебу қимылын орындау)
Тартысқа толы сайыс қорытындысы төмендегідей:
5-ші сыныптар арасында жүлделі орындарға ие болған
I орын– 5а сыныбы
II орын - 5ә сыныбы
III орын - 5г сыныбы
IV орын - 5б сыныбы қызықты сайыстардан соң өзара төрт орынды бөлісіп алды.
6- шы сыныптар арасында бақ таласында:
I орын - 6ә сыныбы
II орын - 6а сыныбы
III орын - 6б сыныптары жүлделі орындарымен марапатталды. Сайысты ұйымдастыру мақсаты мен міндеттері алға қойған жетістіктерге бір табан жақындап, барлық қатысушылар келесі жоспарланған сайыстарға қатысуға дайын екенін көрсетті.
2) . 21.04.2023 ж«Қазақтың ұлттық ойындары» атты сайыста
7-8 сыныптар бақ сынасты, сайыс төрт түрлы ұлттық ойыннан ұйымдастырылды:
1. Теңге алу.
2. Асық ату.
3. Жамбы ату (нысанаға дәл тигізу)
4. Арқан тартысы.
Додалы қызықты ойын қорытындысы бойынша:
7 –ші сыныптар арасында.
I- орын 7а сыныбы
II- орын 7ә сыныбы
III- орын 7б сыныптары бөлісіп алды.
8 ші сыныаптар арасындағы біріншілікке таласу қорытындысы мынадай нәтиже көрсетті:
I- орын 8а сыныбы
II- орын 8б сыныбы
III- орын 8ә сыныбы иеленіп марапатқа ие болды, іс-шараның мақсаты болашақ ұрпаққа «Қазақтың ұлттық ойындарын» дәріптеп насихаттау арқылы үйрету болып табылады.
3) . 22.04.2023 ж Он күндік апталық аясында мектебіміздің «Волейболдан» 9-10-11 сыныптар ұлдар командалары №70833 «Әскери ішкі қарулы күштер» ұжымының волейболшыларын жолдастық кездесуге қабылдады.
Кездесудің 5 кезеңді ойын қорытындысы бойынша мектеп оқушылары 3: 2 есебімен басымдық көрсетті. Жолдастық кездесу өте тартымды өткізілді, кездесу соңында «Әскери ішкі қарулы күштер» бөлімшесінің спорт жетекшісі құттықтау сөз айтып және мектеп оқушыларының физикалық күштілігін мақтан етіп, әскери борышын өтеуге дайындықтары бар екенін атап өтті. Ұлдарымызға жастары жеткен шақта ,болашақта отан қорғауға шақырды.
4). 24.04.2023 ж «Қозғалмалы ойындар эстафеталық сайысы»
1-2 сыныптар арасында ептілік пен жылдамдықты талап ететін төрт сайыстан өткізілді, ережеге сай әр сыныптан 3 ұл, 3 қыз бала қатысты сайыс түрлері:
1- Доппен жылдамдыққа жүгіру .
2- Допты тізеге қысып секіру арқылы жарысу .
3- Нысанаға доппен дәлдеп тигізу.
4- Доптың көмегімен топтық сайыс.
Қызықты додалы сайыс нәтижесі бойынша 1-ші сыныптар арасында келесі үш орынды иеленді:
I- орын 1а сыныбы
II- орын 1ә сыныбы
III- орын 1б сыныбы
2-ші сыныптар арасында жүлделі орындарға жайғасқандар:
I- орын 2б сыныбы
II- орын 2ә сыныбы
III- орын 2а сыныбы иеленіп, мараттарға ие болды.
5). 25.04.2023 ж 9-10-11 сыныптар арасында «Жеңіл атлетика»
Қысқа қашықтыққа жүгіру әр сыныптан 3 ұл (100) м қашықтыққа , 2 қыз бала (60) м қашықтыққа жылдамдыққа уақыт мөлшерімен сайысқа түсті .
100 метрге жүгіруден ұлдар арасында қорытындысы бойынша:
I-орын 9а сынып оқушысы Габидоллаев Арсен
II- орын 9б сынып оқушысы Найманбаев Ануар
III- орынды 9ә сынып оқушысы Берікханов Арнұр алдыңғы үштіктен көрінсе қыздар арасында 60 метрге жүгіруден :
I-орын 9 б сынып оқушысы Рамазанова Маржан
II- орын 9 ә сынып оқушысы Шогманова Адема
III- орынды 9 б сынып оқушысы Ибраева Амина жеңісті орындарын иеленіп мектеп директорының мақтау грамотасымен марапатталды.
6). 26.04.2023 ж «Қозғалмалы ойындар эстафеталық сайысы»
3-4 сыныптар арасында ептілік пен жылдамдықты талап ететін төрт сайыстан өткізілді, ережеге сай әр сыныптан 3 ұл, 3 қыз бала қатысты сайыс түрлері:
- Топ капитаны сайысы (жылдамдыққа жүгіру)
- Топтық сайыс допты нысанаға дәлдеп тигізу.
- Допты жылдамдыққа тасымалдау.
- «Баскетбол» допты себетке салу.
Кезең кезеңімен додалы сайысқа түсіп ,әр оқушы өзінің қарсылас командаларына есе бермес үшін ,сыныптың намысын қорғап, нәтижесі төмендегідей:
I-орын 3а сыныбы
II- орын 3ә сыныбы
III- орынды 3б сыныптар жеңіске жеттіп алдыңғы үштіктен көрінсе,
4 –ші сыныптар қорытындысы бойынша:
I-орын 4а сыныбы
II- орын 4б сыныбы
III- орынды 4ә сыныбы иеленіп, марапаттарға ие болды, іс-шараның мақсаты орындалды , сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысып лозунгтарымен қатысушыларды жігерлендіріп тұрды.
7). 27-28.04.2023 ж «Теңбіл доп» Футболдан 5-6 сыныптар арасында екі күнге созылған жарысы өткізілді. Әр сыныптан 8 ұл бала қатысып тартысты сайыстың қорытындысы бойынша 3 орынға 6ә сынып ойыншылары мен 5а сынып ойыншылары додаға түсіп III-орынды 5а сынып иеленді.
1-2 орынға 6а-5ә сыныптар бақ сынасып, нәтижесінде:
I – орынды 5ә сыныбы
II- орынды 6а сыныбы пенальти тебу арқылы анықтады.
Дене шынықтыру әдісмемелік бірлестігінің апталықтың алға қойған мақсат міндеттері бойынша мерекелік іс-шаралар нәтижелі атқарылып , мектеп ұжымы мен оқушылары салауатты өмір салтын насихаттап, 7 түрлі сайыстарға белсене қатысып жоғарғы деңгейде қорытындылады.
''Дене шынықтыру және АӘТД''
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Карысмаков Е.Қ
Хатшы: Ахметкалиев Ж.А
№23 ЖОББМ КММ бойынша 2022-2023 оқу жылында
1-11 сыныптар арасында''Дене шынықтыру және АӘТД''
әдістемелік бірлестігінің мектепшілік онкүндік іс-шарасының
таблицалық есебі
№ р/с | Іс- шаралар атауы | Қатысушылары | Жүлделі орындарымен жалпы ұпайлары | |||
орыны | ұпай | орыны | ұпай | |||
1 | «Қызықты эстафеталық ойындар» | 5-6 сынып | I-орын - 5а II-орын -5ә III-орын-5г III-орын-5б | 11 10 8 7 | I-орын – 6ә II-орын - 6а III-орын – 6б | 10 9 6 |
2 | «Қазақтың ұлттық ойындары» | 7-8 сынып | I-орын -7а II-орын-7ә II-орын-7б | 8 4 4 | I-орын -8а II-орын-8б III-орын-8ә | 6 5 3 |
3 | «Волейбол» жолдастық кездесу | №23 Ұлдар командасы. Әскери ішкі қарулы күштер | ------ | ---- | ------- | --- |
4 | «Қозғалмалы ойындар эстафеталық сайысы» | 1-2 сынып | I-орын -1а II-орын -1ә III-орын -1б | 9 8 7 | I-орын -2б II-орын-2а II-орын-2ә | 8 7 7 |
5 | «Жеңіл атлетика» | 9-10 сынып | Ұлдар (100м) I-орын -9а II-орын -9б III-орын -9ә | 12,4 12,5 13,3 | Қыздар (60м) I-орын -9б II-орын -9ә III-орын 9б | 9,9 10,4 10,8 |
6 | «Қозғалмалы ойындар эстафеталық сайысы» | 3-4 сынып | I-орын - 3а II-орын- 3ә II-орын- 3б | 7 5 5 | I-орын - 4а II-орын - 4б III-орын -4ә | 9 8 7 |
7 | «Теңбіл доп» | I-орын - 5ә сынып II-орын - 6а сынып III-орын - 5а сынып | ||||
''Дене шынықтыру және АӘТД''
әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Карысмаков Е.Қ
Хатшы: Ахметкалиев Ж.А


