Күз мереке-күз береке
Күз мереке-күз береке Биыл біздің мектебіміз «Алтын күз» мерекесін ата-аналардың қатысуымен ерекше атап өтті. 21 қазанда ата-аналарға арналып, аталмыш мереке бастауыш сынып мұғалімі Шолпан Шакеновнаның ұйымдастырылуымен, қызықты өткізілді. Ата-аналармен түрлі сайыстар жүргізіліп, оқушылар сән үлгісін көрсетіп, ән айтып, би биледі. 19 қазан күні 4 -сынып оқушыларынан құралған топ , қалалық «Алтын күз» байқауында өз өнерлерін көрсетіп, 1 орынға ие болып келді.