05
ноябрь
2025
Семей Медциналық университет өкілдерімен кездесу өткізілді
Бүгін 10–11-сынып оқушылары Семей медицина университетінің өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында университет жайлы толық ақпарат беріліп, оқу бағдарламалары, мамандықтар, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір туралы мәліметтер айтылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, медицина саласының қыр-сырымен танысты.
Мұндай кездесулер түлектерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен мүмкіндік береді.