Математика пәнінің мұғалімі Мусабекова Мадина Бакышевна 8 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Математика пәнінің мұғалімі Мусабекова Мадина Бакышевна 8 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді
03
февраль
2025

Математика пәнінің мұғалімі Мусабекова Мадина Бакышевна 8 «Б» сыныбында ашық сабақ өткізді

Сабақта келесі оқу мақсаттары  8.4.1.3  у түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу  қамтылған.

        Сабақ мақсаты бойынша оқушылар у түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін және оның графигін салуды  меңгерді; практикалық есептер шығара білді. Оқушылардың үй жұмысы «Принтер» әдісі арқылы тексерілді және экранда көрсетілген қайталау сұрақтарына жауап берді.  Тақтада плакатта кооринаталық жазықтық пен парабола макеті және бағалау парағы ілінді. 

Оқушыларға жұпта келесі а)  параболасының төбесі А(1; -2) нүктесі болса, p   мен q мәндерін табыңыз тапсырмасын орындау ұсынылады.

Сабақты бағалау «Бәйге» бағалауы бойынша бағаланды. Әр тапсырманы орындаған сайын оқушыларлар бәйге аттарын алға жылжытып отырды. Топтық жұмыс орындалды. Оқушылар 3 топқа бөлініп, берілген тапсырма бойынша формуласы бойынша параболаның төбесін анықтап, алдарына берілген қағаздағы координаталық жазықтықта параболаны осьтер бойымен жылжытып көрсетті.

        Қорыта келгенде, тақырып әр түрлі есептермен бекітілді және топтық және өзіндік жұмыста оқушылар берілген формулаларды қолдана білу машықтарын қалыптастырды. Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы жұмыссыз қалмайтындай етіп құрастырылды. Сабақтың мақсаты бойынша әр кезеңде белгілі бір жұмыс түрі орындалып отырды. Оларға қолдау көрсетілді.  Жалпы сабақ өз деңгейінде  жақсы өтті. Оқушылар сабақта белсенді болды. Жаңа тақырыпты жақсы меңгеріп берілген тапсырмаларды жақсы орындап шықты. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай және бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде біраз қиындық туғызған есептер болды.  Сабақта психологиялық климат  жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе білді. Сабақ мақсатына жетті.