Физика пәнінің мұғалімі Малгеждарова Жазира Сакеновна 7 «А» сыныбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді » Средняя общеобразовательная школа №23
Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің
"№23 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(722) 35-18-88
Есепші бөлімі:
+7(722) 35-18-88
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Физика пәнінің мұғалімі Малгеждарова Жазира Сакеновна 7 «А» сыныбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді
04
февраль
2025

Физика пәнінің мұғалімі Малгеждарова Жазира Сакеновна 7 «А» сыныбында физика пәнінен ашық сабақ өткізді

Сабақтың мақсаты оқушыларға атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру, өлшем бірліктерін атау, барометр жұмыс принципін өмірлік жағдаяттармен байланыстыра қолдануға жетелеу болды. Кіріспеде мұғалім шынайы заттармен (шприц, сорғыш тостағанша) қысқа демонстрация жасап, оқушылардың қызығушылығын оятып, табыс критерийлерін түсіндірді. Жаңа білім кезеңінде қысым ұғымы еске түсіріліп, атмосфералық қысымның ауа бағанының салмағынан туатыны ғылыми тілмен әрі оқушыға түсінікті деңгейде жеткізілді; Паскаль, килопаскаль және миллиметр сын.бағ. арасындағы байланыс нақты мысалмен көрсетілді. Барометр түрлері, көрсеткішті оқу және биіктікке байланысты өзгеріс сапалық деңгейде талқыланды. Қолдану бөлігінде топтар тұрмыстық жағдаяттарды талдап, «неге қайнау температурасы биікте төмендейді?», «неге бос бөтелкені ауызымен қысып ұстай аламыз?» секілді сұрақтарға дәлелдер келтірді; қауіпсіздік ережелері ескертілді. Қалыптастырушы бағалау дескрипторлары айқын болды: терминдерді сәйкестендіру, суретке аннотация жазу және қысқа есеп арқылы әр оқушының ілгерілеуі мониторингіленді; жедел кері байланыс «бас бармақ/жарықшамдар» тәсілімен берілді. Саралау А–В–С деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асты. Сабақ соңында «Exit-ticket» арқылы түсіну деңгейі тексеріліп, үй жұмысы сараланып берілді. Жалпы сабақ мақсатқа жетті: оқушылар ұғымды түсінді, өлшеуді түсіндіріп бере алды және күнделікті өмірмен байланыс жасады.