Математика пәнінің мұғалімі Жумекенова Гульмира Кабдырашимова 6 «Ә» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер. Сан аралықтары
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
6.2.2.7 сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;
6.2.2.8 сан аралықтарды кескіндеу;
Сабақтың мақсаты:
- сан аралықтарын жазу үшін белгілеулерді пайдалану;
- сан аралықтарды кескіндеу;
- жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ/ / Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің қасиеттерін қайтала отырып, сан аралықтарын түсіндіру.
Сабақтың міндеті: Сан аралықтарының теңсіздікке байланысты атауларын үйрету; теңсіздік шартына байланысты сандық тузуде белгіленүін - оқылуын үйрету; жұппен жұмыс жасай отырып – оқушылардың белсенділіктерін арттыру; ойын элементтерін еңгізе отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ойда сақтау қабілеттерін дамыту;
Сабақ барысында: оқушылар ауызша жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс жасады. Тақырыпты жақсы меңгерген оқушылар теңсіздіктерді шығару жолдарын түсіндірді.
Оқулық бойынша тақырыпқа қатысты деңгейлік тапсырмалар орындалды.
Сабақтың әр бір кезеңінде оқушылар ұйымшылдықпен жұмыс жасай отырып, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырды. Практикалық жұмысты жасап, оқушылар жауаптарын түсіндірді.
Сабақтың соңғы бөлігінде оқушыларға «БББ» кері байланыс парағы таратылды. Оқушылар бүгінгі сабақтан білемін, білдім, білгім келеді деп ұсыныстарын да жаза қалдырды.
Сабақтың соңында оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып сандыққа салды.
Мен сабағымда алға қойған мақсатыма жеттім. Оқушылар «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер. Сан аралықтары» тақырыбын жақсы меңгерді.