Математика пәнінің мұғалімі Тлеуханова Меруерт Ерлановна 5 «Б» сыныбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларды өз бетінше есеп шығартуға дағдыландыру, олардың белсенділігін шыңдау, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық:Есеп шығару барысында формулаларды дұрыс пайдалану. Оқушылардың ойлау қабілетін, танымын, және пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге, ойын тиянақты жеткізе білуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, карточкалар, фигура.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындау, сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері: жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс, жеке оқушылармен жұмыс.
Сабақта қолданылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық және дамыта оқыту технологиясының элементтері.
Сабақтың түрі: өтілген тақырыпты жалғастыру, қайталау, практикалық жұмыс.
Сабақтың құрылымы және оның әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жайында:
1. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ішкі және сыртқы психологиялық дайындығы анықталады, яғни оқушының психологиялық құзіреттілігі қалыптасады.
2. Өткенді қайталау кезінде оқушының жеке тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады.
3. Сәйкестендіру тапсырмасын орындау кезінде оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады.
4. Ауызша жаттығулар орындау кезінде оқушының коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктері қалыптасады.
5. Жаңа деректер алған кезде ақпараттық-танымдық құзіреттіліктер қалыптасады.
6. Есептерді, тапсырмаларды орындаған кезде құндылық, мазмұндық, танымдық құзіреттіліктері қалыптасады.
7. Тақтада жұмыс кезінде ойлау құзіреттілігі, мәдени құзіреттілігі қалыптасады.
8. Сабақтың қорытындысын жасаған кезде оқушы психологиялық жеңілдікті сезінеді.
5 «Б» сыныбында математика пәнінен «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың басында ең алдымен амандасып , оқушылар түгелделді. Қысқа мерзімді жоспарға сәйкес жалпы сабақ мақсаты айтып өтілді. «Жылы лебіз» әдісі бойынша, яғни додекаэдр фигурасында жазылған жақсы тілектерді оқып, оқушылар бір-біріне бере отырып сенімділік пен позитивті атмосфера қалыптастырды. Сыныпта ережелер мен мәліметтерге сүйеніп, өтілген тақырыпқа есептер шығарылды. Деңгейлік тапсырмаларды орындады. А деңгейлі 3 есеп әрқайсысы 1-баллмен. В деңгейлі 3 есеп 2-баллмен. С деңгейлі 3 есеп 3-баллмен бағаланды. Жиыны 9 есеп болды. Оқулықпен жұмыс кезінде В деңгейлі 4 есеп қарастырылды. Бекіту тапсырмасына да 4 есеп алынып, шығарылды. Бағалауға конверт әдісі қолданылды. Әр дұрыс шыққан есепке доллар беріп отырылып, оқушылар жинап отырды. Сабақ соңында есімдері жазылып өткізілді. Оқушылар өте белсене, жарыса есеп шығарды. Сабаққа жалпы 19 оқушы қатысты. Оның ішінде үнемі 17 оқушы белсенділік танытып отырды. Қалған 2 оқушыға сыныптастары көмектесіп, бірігіп түсіндіре отырып шығаруға тырысты. Қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай болды. Жалпы сыныпта психологиялық климат жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе білді . Сабақ соңында кері байланыс TikTok әдісі бойынша жүргізілді.