Математика пәнінің мұғалімі Алакбаева Анар Болатовна 5 «Ә» сыныбында ашық сабақ өткізді
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру дағдыларын бекіту және ондық бөлшектермен қосу-азайту амалдарын саналы орындауға үйрету.
Сабақ барысы қысқаша:
Амандасу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
Үй тапсырмасын тексеру: нысаналы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды;
Жаңа тақырыпты енгізу: ондық бөлшектерді қосу және азайту ережелері, негізгі тәсілдер;
Қолдану кезеңі: өмірмен байланысты есептерді шығару;
Шағын зерттеу: қазақтың байырғы өлшем бірліктеріне қатысты ізденіс жұмыстары;
Қорытынды: түрлі-түсті белгілер арқылы бағалау және кері байланыс.
Оқушылар нені білді / меңгерді:
Біледі: ондық бөлшектерді оқу, жазу, салыстыру;
Меңгерді: ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарын.
Нәтиже:
Барлық оқушылар тапсырмаларды уақытында орындауға талпынды, ондық бөлшектермен амалдарды дұрыс қолдана алды, күнделікті өмірден алынған бірнеше мысалды есептеп, дәлелдей білді. Түрлі-түсті бағалау жүйесі арқылы оқушылар өз жұмыстарын саралап, тиімді кері байланыс берді.
Қорытынды: Сабақ өз мақсатына толық жетті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен функционалдық сауаттылығы артты.
