Физика пәнінің мұғалімі Малгеждарова Жазира Сакеновна 7 «А»
Сабақтың мақсаты оқушыларға атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру, өлшем бірліктерін атау, барометр жұмыс принципін өмірлік жағдаяттармен байланыстыра қолдануға жетелеу болды. Кіріспеде мұғалім шынайы заттармен (шприц, сорғыш тостағанша) қысқа демонстрация жасап, оқушылардың қызығушылығын оятып, табыс критерийлерін түсіндірді. Жаңа білім кезеңінде қысым ұғымы еске түсіріліп, атмосфералық қысымның ауа бағанының салмағынан туатыны ғылыми тілмен әрі оқушыға түсінікті деңгейде жеткізілді;